«Эгалит» («Теңдік») семсерлесу клубы – 2011 жылы энтузиастар тобы құрған. Қызметінің пәні – спорттық семсерлесуді танымал ету, оқу-жаттығу процесі мен жарыстарды ұйымдастыру.

«Эгалит» атауы француз тілінен алынған және «Теңдік» дегенді білдіреді. Жаттықтырушылар, спортшылар, әуесқойлар, паралимпиадашылар – барлығы қолдарынан келгенше үлес қосып, барлық қатысушыларға құрметпен қарайды.

Семсерлесу мәдениетін спорт, салауатты өмір салты, өнер, қарым-қатынас құралы ретінде қабылдаған кез келген адам клубқа мүше бола алады.

«Ересектерге арналған семсерлесу мектебі» - кәдімгі фитнеске балама ретінде семсерлесудің әлеуетін ашуға бағытталған жоба.

Біз туралы
Жасалған
Тильда